деп хабарлады елорданың ІІД баспасөз қызметінен.
Полицияға 32 жастағы Астана тұрғыны арызданып, белгісіз біреулердің оның жеке заттарын (алтын бұйымдарын) ұрлап кеткенін айтқан.
«Алматы» ауданы ІІБ қызметкерлері жүргізген жедел іздеу шараларының барысында 40 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Ол зардап шеккен адамның үйінде қызметші болған.
Үш ай бойы жұмыс істеген әйелге үй иелері еңбегіне орай тиісті ақшасын төлеп отырған. Дегенмен олар алтын бұйымдардың жоғала бастағанын аңғарған. Алайда оған аса назар аудармаған. Қымбат алтын сағаттар жоғалғаннан кейін ғана полицияға барған.
Ұсталған әйел бірінші тергеуде-ақ жалпы құны 942 мың теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлағанын мойындады. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ұрланған заттарды ол ломбардқа тапсырып отырған.
Қазіргі уақытта оның басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.