Астана қаласы ІІД мәліметі бойынша, атысқа қатысқандар - қылмыстық топтың мүшелері анықталып, полиция қызметкерлерімен ұсталған. Соңынан олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Қылмыстық топтың белсендісі Е.Джамалиев соттың үкімімен Астана қаласы психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығына қамалып, жазадан құтылып кетті.
Ағымдағы жылдың 20 қазанында көңіл көтеру орталықтарының жанында бұзақылық әрекеттерін ұйымдастырғаны үшін Республика даңғылындағы үй ауласының біріндегі автокөлік салонында 6 қарашада сағат 16.30-да Джамалиев елордалық полиция қызметкерлерімен қайтадан қолға түсті.
Осы факт ҚР ҚК 293-бабы 3 т. бойынша сотқа дейінгі тергеулердің біріңғай тіркеуіне алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қолға түскен азамат Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қолда бар жедел ақпараттарға қарағанда, қоғамға қауіпті диагнозбен жабық түрдегі стационарда емдеуде болған Е. Джамалиев уақытта қатаң тыйым салынғанына қарамастан емдеу орнынан үнемі шығып жүрген.
Осылайша Е. Джамалиев қылмыстық топқа жетекшілік етуін жалғастырған.
Қазіргі уақытта ПДПМО медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту сұрақтары шешілуде.