«Акция басталғалы елорда тұрғындары 66 бірлік қару, соның ішінде, 12 иір ойықты және 50 тегіс оқпанды мылтық, 1 газ-травматикалық, 3 травматикалық, сонымен қатар, иір ойықты мылтыққа арналған 3 227 дана оқ-дәрі тапсырған», - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, заңсыз сақталған қаруды тапсырған қала тұрғындарына 1 млн. 220 мың теңгеден астам қаржы төленді.
«Шара барысында заңсыз сақталған қару-жарақты тапсырған тұлғаларға қарудың түріне қарай әр бірлігі үшін 10-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төленеді»,- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. Бұдан басқа, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады.
Еске сала кетейік, Астанада халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау айлығы 1 қыркүйекте басталды.