Бұл өзгеріс Алматы ауданын қайта құру аясында орын алды және салықтық әкімшілендіруді оңтайландыруға және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
- Жаңа басқармаға 6209 бірегей коды берілген, ол осы ауданда тіркелген салық төлеушілермен байланысты салық операцияларына арналған, - делінген ақпаратта.
Сарайшық ауданы бойынша МКБ мекенжайы өзгеріссіз қалады – Алматы ауданы бойынша МКБ ғимараты, Астана қаласы Ахмет Жұбанов көшесі, 16.
- Құрметті салық төлеушілер, салық есептілігін ұсыну мерзімдері жақындағандықтан, нысандарды ұсыну кезінде тіркеу деректерін тексеруді ескертеміз, - деп жазды комитеттен.
Айта кетейік, жақында Астана әкімі LRT құрылысы аяқталуға жақын екенін айтқан болатын.