LRT құрылысы аяқталуға жақын – Астана әкімі

АСТАНА. KAZINFORM – Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің кеңейтілген отырысында жеңіл рельсті трамвай жобасының қазіргі жай-күйінен ақпар берді.

Строительство ЛРТ  Астана LRT құрылысы  Астана
Фото: Kazinform

 - Күн сайын қала ішіндегі маршруттарға 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде астананың қоғамдық көлік паркі 45 пайыз жаңарды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, қыркүйек айында алғашқы сынақтар басталатынын еске салды.

- Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы мәреге жетуге жақын. Құрылыс жұмыстары аяқталып жатыр. 
Биылғы қыркүйекте алғашқы пойыздар келіп, тестік сынақтар басталады, - деді әкім.

Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Астанадағы көлік кептелісі мәселесі өзекті болып тұрғаны туралы айтқан болатын. 

Айта кетейік елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар