Министрдің айтуынша, Астана әуежайын жаңғырту — бірінші кезектегі міндеттердің бірі.
— Қала әкімдігі тарапынан қажетті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, құрылыс келесі жылы басталады, — деді министр.
Сонымен қатар министр алдағы үш жыл ішінде Қазақстанда әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, әуе хабтарын дамыту қазіргі уақытта елдің алты ірі әуежайына шоғырланған.
— Олар Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы әуежайлар. Бұл бағытта қажетті институционалдық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасалып жатыр, — деп толықтырды министр.
Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев соңғы бес жылда көлік саласының жалпы өнімі үш есеге артқанын айтқан еді.