Астанадағы Төле би көшесінің тағы бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Төле би көшесін салу» жобасы аясында жолдың жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Осыған байланысты Р. Бағланова көшесінен Т-6 көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады.

Еске сала кетейік, Астанада Тілендиев даңғылында жөндеу жұмысы жүріп жатыр.