Астанада жаңадан салынып жатқан нысан өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голь көшесінің қиылысында жаңадан салынып жатқан нысан өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл хабарды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голь көшесінің қиылысында жаңадан салынып жатқан нысан өртенді. Онда бетон үлестіретін тораптан өрт шыққан. Оқиға орнына жақын жерде орналасқан №9 өрт сөндіру бөлімінен үш техника және 8 өрт сөндіруші жіберілді», - деп жауап берді Руслан Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісіне.

Толығырақ ақпаратты Төтенше жағдайлар комитеті қосымша хабарлайды.