Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына жауап беру кезінде елордалық Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бақытжан Майлыбаев мәлім етті.
«Мәселен, жүргізушілік өтілі 5-тен 10 жылға дейін және одан жоғары тәжірибесі бар жүргізушілердің кінәсімен 59 ЖКО тіркеліп, оның салдарынан 4 адам қаза болып, 81 адам түрлі жарақат алды. Бұның себебіне тоқталатын болсақ, тәжірибесі жоғары жүргізушілер өздерін тым сенімді сезініп, тәжірибесі аз жүргізушілер секілді жолдарда сақ жүрмейді», - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, жақында жүргізуші атанған азаматтар ережелерді жақсы біледі және ЖКО-ларға сирек тап болады. «1 жылға дейінгі жүргізушілік өтілі бар адамдардың кінәсімен болған ЖКО-ның жалпы санында 7 апатқа жол берілді. Оның салдарынан 8 адам зардап шекті», - Б. Майлыбаев.