«Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №12, 26, 32, 35, 46, 50, 53, 54, 300, 305 және 312-бағдарлары Қорғалжын тасжолынан Сарайшық көшесіне қарай бағытта, Тұран даңғылындағы «KeruenCity» және «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталықтары аялдамаларына уақытша тоқтамайды.
Қозғалыс сызбасымен төмендегі суретте таныс болуға болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жол жұмыстарына байланысты 10-20 маусым аралығында Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен бастап Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабық болады.
Сондай-ақ 20 маусымға дейін Мәңгілік ел даңғылының Ә.Кекілбаев көшесінен Ф.Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс шектеледі.
Ал 16 маусымға дейін Жәнібек Тархан көшесінің Асан Қайғы көшесінен Ахмет Жұбанов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.