Елорданың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жылдамдықты асырған 150 жүргізуші, мас күйінде көлік басқарған 23 адам қолға түсті. 107 жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында ереже бұзғаны үшін ұсталды. Тыйым салынған жерлерден кесіп өткендігі үшін 70-тен астам жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
11:05, 12 Мамыр 2015
Астанада жылдамдықты асырған 150 жүргізуші ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана ІІД ӘПБ қызметкерлері жол қозғалысын бақылау барысында жол қозғалысы ережесін бұзған 2 мыңнан астам көлікті анықтады.