— Ақылы автотұрақ әкімдіктік қарамағына өтті деп айтуға болады. Бізге тұрақтарды өткізген компания осыған дейін қалпына келтіру кезеңінде болды. Бүгін сауықтыру процесін тоқтату туралы соттың шешімі күшіне енді. Сондай-ақ тұрақты беру жөнінде қосымша келісімге де қол қойылды. Таяу күндері соңғы келісімге қол қойылады деп ойлаймыз, - деді Е. Өтебаев Парламент палаталарының отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар одан ақылы тұрақтар қала бюджетіне қанша қаражат түсіруі мүмкін екені сұралды.
— Қазір айту қиын, бірақ бұған дейін ол іске қосылғаннан бері айыппұлдармен бірге 5 млрд теңгеден астам табыс әкелген, - деп әкім орынбасары
Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсан айында Астана әкімдігі мен «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС арасында алдын ала келісімшартқа қол қойылды.
Құжатта аталған компания 100% үлесін жергілікті атқарушы органға қайтарымсыз негізде беретіні жазылған.