Отандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта молдовалық Артем Делеанумен күресті.
Кездесуде Исхар Құрбаев 5:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) жартылай финалға өткен еді.
Жартылай финалдық белдесулер бүгін, 24 қазанда Астана уақытымен сағат 19:00–де басталады.