Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Грузия өкілі Зураб Кинцурашвилимен кездесті.
Бірінші раундта грузиялық таеквондошы 2:0 есебімен басым түсті. Дегенмен Батырхан екінші раундта 6:0, ал үшінші кезеңде 11:2 есебімен жеңді.
Осылайша Батырхан Төлеуғали Гран-при финалдық кезеңінің ақтық сынына жолдама алды.
Айта кетелік Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-придің жартылай финалына шыққаны туралы жазған едік.