Астанадағы Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаске жабылады

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті. 

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 28-30 маусым күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. 

Фото: Астана әкімдігі

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Еске салсақ, бұған дейін елордадағы Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылатынын жазған едік.