Астана қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәліметінше, шектеу 17-30 маусым аралығында күшінде болады.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», – деп хабарлады жауапты мекеме.
Қала тұрғындары мен қонақтарына кептелістерді болдырмау үшін балама бағыттарды пайдалануға кеңес берілді.
Айта кетейік, Ақмола облысында 65 шақырым жол жөнделіп жатыр.