– «Toyota» көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесінен келе жатып, көпір үстінде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Lada» және «Skoda» көліктерімен соқтығысқан, – делінген ресми хабарламада.
Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін хабарлағандай, Ақмола облысындағы тас жолда екі адам қаза тапты.