Бұл туралы astana.kz сайтынан хабарланды.
«Жазда жол-көлік оқиғаларының саны ұлғая түседі. Бүгінгі таңда Астанада 324 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 36 адам қаза тауып, 346-сы жарақат алды. Жол апаттарына негізінен жаяу жүргіншілер өткелінен (67 факті) және қиылыстардан өту (58 факті) ережелерін бұзу, көлік жылдамдығын шамадан тыс арттыру (36) себеп болуда. Ал әрбір төртінші апатта балалар зардап шегеді. Жалпы, жол - көлік оқиғаларының 50% жүргізушілердің кінәсінен орын алады», - делінген ақпаратта.
Астана қаласының Жол полициясы басқармасы көлік құралдарының иелерінен жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде аса мұқият болуларын сұрайды. «Жаяу жүргіншілер өткелінің ар жағында көліктер кептеліп қалса, жаяу жүргіншілер жолында тұрмаңыз. Егер жаяу жүргіншілер өткелінің алдында көлік тоқтап тұрса, онда оның алдынан өтіп бара жатқан адамның жоқ екеніне көз жеткізгенде ғана ары қарай жүріңіз. Көлік жылдамдығын таңдаған кезде қозғалыстың қарқынын, белгіленген шектеулерді, ерекшеліктерді және көлік құралының жағдайын, жол мен метеорологиялық жағдайларды ескеру керек. Жылдамдық көлік қозғалысын ұдайы бақылауда ұстауға мүмкіндік беруге тиіс» делінген баспасөз баянында.