Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 13-15 маусым күндері аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінен Қыз Жібек көшесіне дейінгі Айғаным көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бұған дейін Астанадағы Жәнібек Тархан көшесінің автожол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталғанын жазған едік.
Сонымен қатар жөндеу жұмыстарына байланысты елорданың Тоқтаров көшесіндегі жол учаскесі жабылады.