Астанадағы барларда түнде ішімдік сатуға шектеу қойылуы мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының басшысы Ғұсман Жакин елордадағы барларда сағат 23.00-ден кейін ішімдік сатуды шектеу бастамасы қандай сатыда тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сұрақ біршаматалқыға түсті. Расында да, мұндай бастаманы көтердік. Жұмыс бүгіннен басталғанжоқ, талдау ұдайы жүргізіліп отырады. Сайып келгенде көңіл көтеруге арналғанорындарда сағат 00.00-ден кейін ішімдік ішкендер көшеге және қоғамдық орындарғашығып алып, қылмыс жасайды», - деді ол Полиция департаментінде өткен баспасөзмәслихатында.

Басқарма басшысыныңайтуына қарағанда, тиісті бастама заңнамалық негізде ұсынылып отыр.

«Департаментбастығы ұсынысты заңнамалық негізде жолдады. Мұндай сұрақты полицияныңөздігінен шеше алмайтыны белгілі. Заңнамалық негіз керек. Осы ұсыныспен бұрынәкімдікке де, Ішкі істер министрлігіне де шыққанбыз», - деді Ғұсман Жакин.

Оның айтуынақарағанда, мереке және демалыс күндері тәртіп бұзушылықтар жиі тіркелетіндіктен,полиция амалсыз аталмыш орындарға полиция жасағын қоятын көрінеді. Сол себепті,ішімдікті сағат 23.00-ден кейін сатуға шектеу қою бастамасы әлі күшін жоймаған.Десе де, басқарма басшысы осынау қатаң шара барлық барлар мен ресторандарға,клубтарға қатысты болмайтынын айтып отыр.

«Біз толықтайшектеу қою керек демейміз. Бірақ, тәртіп бұзушылық жиі болатын әрі біліктікүзет қызметі жоқ, дабыл орнатылмаған, бейнебақылау камерасы жоқ орындарменжеке жұмыс жүргізу керек деп есептейміз. Ал «тыныш» орындарда басқаша жұмыс жүргізіледі»,- деді ол.

Айта кетсек, осыжылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Жергіліктіполиция басқармасы елорданың көңіл көтеретін орындарында сағат 23.00-ден кейінішімдік сатпау бастамасын көтерген болатын.