«Бейсеков көшесіндегі Қосшығұлов көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі аралықта авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты 2017 жылдың 21 маусым сағат 22.00-ден 22 маусым сағат 07.00-ге дейін көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылады», - делінген ІІД хабарламасында.
Ішкі істер департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын бағыттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.