«Достық және Қонаев көшелерін қайта құру жобасы әзірленді, жобалық-сметалық құжаттамасы толық анықталған, мәселенің қаржылық жағы да белгілі болды. Бұл екі көшенің сараптамасы өтті, онда алты жолаққа дейін кеңейту қарастырылған, барлық қиылыстарда оң жақтан құлама жолдар болады, бұрынғыдай төрт емес, алты жолақ», - деді Н.Уваев.
Бұл ретте ол әзірге қайта құру жұмыстарын жүргізудің мүмкін датасын болжауға болмайтынын атап өтті.
«Жыл сайын жолаушылар көлігі басқармасы бюджет, жұмыс өндірісін келесі жылға жоспарлап тұрады. Егер басқарма аталған қайта құруға бюджеттік өтінім берсе және ол бекітілсе, әрине, жоба іске асырылады. Бүгінде қайта құру жұмыстарын өткізу қажеттілігі туындаған, бірақ мәселе қаржылық қаражатты анықтауға тіреліп отыр. Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің тарапынан барлық ұйымдастырушылық шаралар толық орындалған. Бұл жоба жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша әкімшілік полиция басқармасымен келісілген», - деп хабарлады Н.Уваев.
Ол болуы мүмкін кеңейту аталған көшелерді толық қамтитынын атап өтті.