«Нысан 2017 жылы пайдалануға берілген. Шартқа сәйкес мердігер орындалған жұмыстардың сапасына және 10 жыл мерзімге тірек пен қоршау конструкцияларына кепілдік берді. Алайда, әуежай қызметтері мезгіл-мезгіл ғимарат төбесінен су кету проблемалары анықталды. Осыған байланысты әуежай техникалық тексерулер жүргізді. Нәтижесінде Т-1 терминалының шатырының құрамы бекітілген жобаға сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл факт шатырды ашып, тексеру нәтижесінде анықталды», - делінген хабарламада.Әуежай Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына осы аталған мәселе бойынша арыз берген.
14:18, 16 Қараша 2022
Астанадағы халықаралық әуежай терминалының төбесінен су ағып тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы халықаралық әуежай терминал төбесінен су кету себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.