Астанадағы полицейлер төбелесі: 5 қызметкер жұмыстан қуылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы полиция департаменті полицейлер арасындағы төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде таралған видеода екі полицей жекпе-жекке шыққаны байқалады. Сонымен қатар формадағы тағы үш полицей бұл көріністі бақылап тұрған.

«Тексеріс қорытындысы бойынша жол-патрульдік полициясының рота командирі қызметінен босатылды. Жол-патрульдік полициясы басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Төбелес кезінде болған бес адам, яғни екі учаскелік инспектр мен үш жол-патрульдік полицей ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар