Астана қалалық ТЖД-нің мәліметтерінше, бүгін сағат 16:26-да өрт сөндіру қызметіне Өндіріс 27/1 ауданында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына шұғыл түрде Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.
«Жалпы аумағы 900 шаршы метр аумақта қу шөп өртенді. Оқиға орнында 3 техника мен жеке құрамның 13 адамы жұмыс істеді. Жедел іс-қимыл нәтижесінде жалын сағат 17:26-да сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.