Астанадағы тергеу изоляторы сүрілмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында орналасқан тергеу изоляторы қала сыртына көшірілмейді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына жауап берген Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана қаласында орналасқан тергеу изоляторы Ақмола облысына көшіріледі деген мәселе көтерілген емес. Қазіргі уақытта Шортанды ауданында қылмыстық-атқару жүйенің қандай да бір мекемесін салу жоспарда жоқ»,-деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, Астана қаласында бір ғана тергеу изоляторы бар.