«Бүгін сағат 20:30-да ауа райының нашарлауына және ауа температурасының төмендеуіне байланысты ескі теміржол вокзалы мен әуежайдың ақылы тұрақтарындағы барлық шлагбаумдар көтеріледі. Талондар мен төлемсіз кіру/шығу қызметтері жүзеге асырылатын болады», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, ауа райының нашарлауына байланысты елорда әуежайынан Шымкент, Ыстанбұл және Мәскеу бағытына ұшақ ұша алмай жатыр. Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланғандай, Астана-Шымкент бағытындағы КС341 рейсі мен Астана-Шереметьева бағытындағы КС873 рейстері ұшақ сыртына арнайы сұйықтық шашылғаннан кейін тұрақ орнына жеткізілген.