«Астанадағы қалыптасқан дәстүрлі жәрмеңкеміз жалғасуда. Бүгін барша мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт күні Қарағанды және Ақтөбе облыстары өзінің жәрмеңкесін елордада өткізуде. Байқағанымыздай алаңға ел қаумалап келіп жатыр. Екі облыс аумағында өндірілген өнімдер астаналықтарға ұсынылуда. Бұл тұрғыда ең бастысы - ауыл мен қаланы жақындастыру мәселесі ескеріліп отыр, яғни елдің бірлігін көрсетуге негізделген. Жәрмеңкені ұйымдастыру мақсаты - ауыл-аймақтарда қызмет етіп жатқан диқаншылардың жаз бойы атқарған еңбегін елге паш ету», - деді қала әкімі.
И. Тасмағамбетовтің сөзіне қарағанда, жәрмеңкедегі өнімдер бағасы орта есепппен алғанда 20 пайызға төмен.
Айта кетейік, бүгінгі шараға Қарағанды облысынан 500 тонна, ал Ақтөбе облысы 400 тоннаға жуық ауыл шаруашылық және өңдеу өнеркәсібі өнімдерін алып келді.