Астанадан Қарағанды, Павлодар, Қостанай бағытындағы жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) 'Астана-Қарағанды', 'Астана-Павлодар', 'Астана-Қостанай' тас жолдарында жүк және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.