Астаналық бойжеткен жатақхананың 12 қабатынан секіріп кетті
15:41, 19 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада студент қыз терезеден секіріп, мерт болды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
- Елордада 22 жастағы тұрғынның мәйіті табылуына байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жатақхананың 12-қабатының терезесінен құлап кеткен, - делінген ресми ақпаратта.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, қайғылы жағдай Назарбаев университетінде болған.
Еске сала кетсек, биыл маусымда елорда тұрғыны әйелін пышақтап, өзі 25-қабаттан секіріп кетті.
Сондай-ақ жыл басында Астанада жігіт туыстарын пышақтап тастаған еді, салдарынан бір адам өліп, үшеуі жараланды.