Жарысқа Астана, Шымкент қалаларынан, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарының спортшылары қатысты. Тартысты өткен кездесулер нәтижесінде Астана қаласының құрамасы үздік ойын көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Шымкент қаласының командасы күміс жүлдеге қол жеткізсе, Қарағанды облысының қыздары қола жүлдені иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында бастау алған VI жастар ойындары қазан айына дейін жалғасады. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додада еліміздің барлық өңірінен жиналған спортшылар спорттың 34 түрі бойынша сынға түседі.
Бұған дейін хабарланғандай, Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді.