Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізді. 

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, отандастарымыз Сингапур командасынан басым түскен. Қорытынды есеп – 39:7. 

Осылайша, қазақстандықтар үш ойынның екеуінде жеңіске жетті. Бұған дейін олар Қытай құрамасын қапы қалдырып, Оңтүстік Кореяға есе жіберген еді. 

Айта кету керек, әр топтан екі команда плей-офф кезеңіне шығады. Қазақстанның топтық кезеңдегі орны Оңтүстік Корея мен Қытай арасындағы матчтың нәтижесіне байланысты анықталады. 

Еске салсақ, бұған дейін волейболдан ел біріншілігінде «Тұран» екінші рет қатарынан жеңіліп қалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар