Астаналық колледж студенттері lX республикалық чемпионатта көш бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Астаналық колледж студенттері «Worldskills-2024» чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

14-18 қараша күндері өткен республикалық чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 550-ден астам студент 30 құзіреттілік бойынша өзара сайысып, біліміділігі мен тәжірибелерін ортаға салды. Олардың арасында электромонтаж, энергетика, кірпіш қалау, шанақты жөндеу, аспаздық және мейрамхана ісі, IT шешімдері, WEB-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу сияқты құзыреттіліктер болды.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Барлық командалық есеп бойынша Астана қаласының студенттері 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальды, сондай-ақ кәсіпқойлық үшін 6 медальон алып, еліміз бойынша командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Республикалық байқаудың қорытынды кешіне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, барлық студентті жарқын белесімен құттықтады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетейік, жеңімпаздар келесі жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін енді оқу озаттары, түрлі олимпиада жүлдегерлерлері, дарынды оқушылар «Болашақ» бағдарламасы аясында білім ала алатынын жазған болатынбыз.