Астаналық мектеп оқушылары ертең де сабақты қашықтан оқиды

Фото: Мұхтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Аязға байланысты елордалық оқушылар ертең, 24-қаңтар күні де сабақты онлайн оқиды, деп хабарлайды Астана қаласының білім басқармасы.

2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Осыған дейін еліміздің бірнеше өңірінде екінші ауысымдағы сыныптар онлайн оқитыны туралы жаздық.

Сондай-ақ қатты аяз салдарынан Қарағандының 7 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелмек.