Қатты аяз салдарынан Қарағандының 7 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектеледі

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысында жолдың жеті учаскесінде дизельдік отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелмек.

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, автожол, жол жабық, боран, көлік, автобус
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Облыс аумағында ауа температурасы -38 дейін төмендейді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес 23 қаңтар 18:30–дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде дизельді және қоғамдық автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі:

— «Екатеринбург — Алматы» (1505 — 1854 км, Атамекен ауылы — Балқаш қаласы);
— «Қарағанды — Аягөз — Бұғаз» (17 — 217 км, Қарағанды қаласы — Қарқаралы қаласы);
— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Керней — Ботақара» (231 — 324 км, Павлодар облысының шекарасы — Ботақара кенті);
— «Қызылорда — Павлодар» (970 — 1135 км, Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы);
— «Екатеринбург — Алматы» (1353 — 1426 км, Ақмола облысының шекарасы — Теміртау қаласының жольақысын төлеу бекеті);
— «Қызылорда — Павлодар» (788 — 906 км, Облыс Ұлытау шекарасы — Топар кенті);
— «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» (51-266 км, Ақмола облысының шекарасы — Теміртау қаласы).

Еске салайық, 21 қаңтардан бастап өңірде жолдардың бірнеше учаскесі жабылды. Теміртау маңындағы жол ақысын төлеу пунктінде мыңнан аса автокөлік кептеліп қалған болатын. 

Бұл автокөліктердің жолаушылары жылыту бекеттеріне эвакуацияланды

Сонымен қатар, кеше Теміртаудан Астанаға қарай қозғалыс қайта жанданды

Бүгін Қарағанды-Балқаш тас жолында жиырмаға жуық көлік соқтығысып қалды.

Соңғы жаңалықтар