Теміртаудан Астанаға қарай қозғалыс қайта жанданды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Екінші тәулік қатарынан Теміртау маңындағы терминалдың маңында бұрқасын мен көктайғаққа байланысты автокөліктер кептелісте тұр. Сағат 11:00-де жол полициясының патрульдік көліктері жиналып қалған автокөліктерді Астана бағытында ілеспемен алып жүре бастады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Теміртаудан Астанаға қарай қозғалыс қайта жанданды
Фото: Kazinform

Полицейлердің айтуынша, бұрқасыннан кейбір жерлерде жол мүлдем көрінбейді, ал көктайғақ салдарынан жеңіл автомобильдер мен ауыр жүк көліктер қозғала алмай қалған.

Қазіргі уақытта терминалда 200-ге жуық адамы бар 150-ге тарта көлік жиналған. Бұған дейін полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушылардың бір бөлігін облыс орталығына қайта оралуға көндірген болатын.

— Құрметті жүргізушілер! Екі күннен бері сіздер ауа райының қолайсыздығына байланысты жабық трассада тұрсыздар. Мен сіздердің үйлеріңізге оралуға деген ұмтылыстарыңызды түсінемін, бірақ ауа райына біз ықпал ете алмайсыз. Шыдамдылық пен түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін біз колоннаны Ақмола облысының шекарасына дейін ілесіп алып баруды ұйымдастырамыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жылдамдықты асырмауды өтінемін. Жолдарыңыз болсын, — деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Шет ауданында оңтүстік бағытта ауа райының күрт нашарлауына байланысты 142 жүк, 74 жеңіл автокөлік және бір автобустан тұратын колонна кептелісте тұр. Көліктерде 400-ден аса адам бар. Полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, колоннаны Қарағандыға дейін алып жүру жоспарланған. 

«Қазгидромет» болжамына сәйкес таяу күндері өңірде ауа температурасы -34 ° C дейін төмендеуі мүмкін. Полиция департаменті тұрғындард ауа-райының қооайсыздығына байланысты болатын қауіп-қатерлердің алдын алу үшін елді мекендерден тыс жерлерге шығудан бас тартуға шақырады.

Еске салайық, ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысының тас жолдарында мыңнан астам көлік тұрып қалған.

Өңір құтқарушылары жолаушыларды жылыту пункттеріне эвакуациялады

Соңғы жаңалықтар