Астана мен Көкшетауда екінші ауысым оқушылары да онлайн оқитын болды

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордада екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

— 2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Көкшетау қаласының білім бөлімінің мәліметінше, ауа температурасының -27,4 градусқа түсуіне, желдің 3 м/с жетуіне байланысты екінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Бұдан бұрын Павлодарда 0–4 сынып оқушылары онлайн оқитынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Астанада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқитынын хабарлаған едік