United Arab Emirates аумағында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге елу мемлекеттің спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. 66 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Нұрсұлтан Бауыржанұлы жоғары дайындығын көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Халықаралық додада Қазақстан намысын қорғаған елордалық педагог көк Туымызды желбіретіп, ел абыройын асқақтатты.
Бұл жеңіс – тек спорттағы жетістік қана емес, ұстаз мәртебесінің биіктігін, педагогтердің жан-жақты дамыған тұлға екенін дәлелдейтін жарқын мысал. Спорт пен білімді қатар алып жүрген ұстаздың жетістігі шәкірттеріне үлкен мотивация беріп, салауатты өмір салтын насихаттаудың нақты үлгісіне айналды.
Айта кетейік, Алматыдағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік 50 педагогінің қатарына енді.