Астаналықтар 2026 жылды қалай қарсы алды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Астаналықтар 2026 жылды ауқымды мерекелік шаралармен, қаланың басты алаңдарындағы жарқын бағдарламалармен қарсы алды. Толассыз жауған қарға қарамастан тұрғындар мен қонақтар концерттер мен отшашуды тамашалап, жаңа жылға көтеріңкі көңіл-күймен қадам басты. 

Ең алдымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сағат 00:00-дегі дәстүрлі құттықтауы еліміздің барлық аймағындағы қоғамдық орындарда орнатылған LED-экрандарда көрсетілді. Бұл халыққа телеэкраннан ғана емес, адамдар көп жиналатын орындарда да құттықтауды көруге және тыңдауға мүмкіндік берді.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Оған қоса, алғаш рет Jibek Joly радиосынан Президенттің жаңажылдық құттықтауы берілді. Осылайша, Жаңа жылды жол үстінде қарсы алған қазақстандықтар Мемлекет басшысының құттықтауын 101.4 FM жиілігінен тыңдай алды.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сондай-ақ, Астананың қос жағалауында — Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпіріне іргелес аумақтарда жаңажылдық отшашу болды. Мерекелік отшашуға бюджет қаражаты бөлінген жоқ, демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған. Жаңбыр аралас қар мен желге қарамастан, отшашу тамашалауға келген адамдар қарасы көп болды.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Биыл суық кеш келгенімен, Астана парктері қысқы маусымға сақадай сай. Қала көшелері безендіріліп, жаңажылдық жарық инсталляциялары орнатылған. Балалар мен ересектердің қысқы демалысын қызықты әрі денсаулыққа пайдалы ету үшін қалада 57 сырғанақ пен мұз айдыны ашылған. Астананың 6 ауданындағы 34-тен аса локацияда мұздан жасалған сырғанақтар, мұз айдындары, түрлі-түсті фотоаймақтар мен ерекше шағын сәулеттік формалар орнатылған.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Астаналықтар 2026 жылды қалай қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

18 желтоқсанда Астананың түрлі аудандарында 40-тан астам жаңажылдық шырша жағылды. Мерекелік шыршалар Орталық саябақта, Ғашықтар паркінде, Ботаникалық бақта, ЭКСПО аумағында, «Қазақ Елі» алаңында, Есіл өзенінің жағалауында, Ақбұлақ бойында, сондай-ақ «Хан Шатыр», «Keruen City», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Green Mall» маңында орналасқан. Сондай-ақ, құрақ көрпе стилінде жасалған экологиялық шырша 4 жылдан кейін қайта орнатылды.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сонымен бірге, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін Астананың барлық 6 ауданында жаңажылдық мерекелік концерттер өтті. Сағат 21:00-де «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, «EXPO» аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жаңажылдық мерекелік концерттер өтті. Оған отандық эстрада жұлдыздары — Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, «Меломен», «Бәйтерек» топтары қатысты.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Алматы ауданында «Жерұйық» саябағында және «Железнодорожный» тұрғын алабында, «Нұра» ауданында «Жағалау» скверінде және «Үркер» тұрғын алабында, «Сарайшық» ауданында, «Отау» және «Промышленный» тұрғын алаптарында мерекелік концерттік бағдарламалар сағат 12.00-де басталған.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ал «Байқоңыр» ауданындағы «Ататүрік» саябағында және «Өндіріс» тұрғын алабында, «Есіл» ауданында «Бағыстан» тұрғын алабында және «Сарыарқа» ауданында «Қорғалжын» саябағында сағат 14.00-ден бастап күндізгі жаңажылдық бағдарлама өтті.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетейік, ауа райына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отшашу кезінде «Атырау» көпірі маңындағы мұзына шығуға тыйым салынды.