10 маусым күні Семей қаласының полиция басқармасына астаналық әйелден арыз түскен. 43 жастағы елорда тұрғыны өзі жете танымайтын адамға докторлық диссертация жазғызу үшін 1,5 млн теңге ұстатып қоя береді. Уәдені үйіп-төккен ер адам қолына ақша тиген күні-ақ телефонын өшіріп, хабарсыз кеткен.
«Жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктінің 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.