Астаналық дәрігер адам органдарын рұқсатсыз алды деп айыпталуда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ адам мүшелерін заңсыз алу күдігіне байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық ісІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде жатыр. Ол үшін ведомствоаралықжедел-тергеу тобы құрылды.

«Тергеубарысында трансплантолог Ғ. М. Құттымұратовтың органдарды заңсыз трансплантациялауға қатысыбар екені анықталды. Биылғы мамыр айында дәрігер қылмысқа күдікті ретінде ұсталды,оның істері бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 116-бабы, 3-бөлігінде (Адамның ағзалары ментiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, екі және одан да көпадамға қатысты) және 264-баптың 2-бөлігінде (Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құружәне оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) жаза көзделген», - делінгенхабарламада.

Тергеу сотыкүдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

ҚР Қылмыстық-процесуалдықкодекстің 201-бабының талаптарынасәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мүддесі үшін алдын ала тергеудің барысы меннәтижесі жарияланбайды.