«Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасы 40 жастағы Айшат Жақияноваға (қыз кезіндегі тегі Насрулина) алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Ол Астана қаласының тұрғындарынан әртүрлі сомада ақша алып, бастапқы жарнасыз екінші деңгейлі банктерден ипотекалық несие алуға көмектесемін деп уәде берген. Материалдық шығын 3 мыңнан 5 мың долларға дейінгі соманы құрайды», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осы ретте ведомство А.Жақиянованың алаяқтық әрекетінен зардап шеккен барлық азаматтардан сонымен қатара куәгерлерден мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын өтінеді: 8 (7172) 71-63-56, 71-60-25, ұ.т.: 8 (701) 245-02-39.