АСТАНА. KAZINFORM – «Астана Арена» стадионының аумағында қаланың басты жаңажылдық шыршасы жағылды. Салтанатты іс-шараға мыңнан астам адам жиналды.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас шыршаның биіктігі 25 метрге жетеді.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
– Биыл бас шыршамыз табиғи пішінде жасалған, сәукеле секілді жан-жағы жұқа желекпен сәнделген. Бұл шыршаға шамамен 3000 ойыншық пен көптеген гирлянда қолданылды, – деді «Астанагенплан» мекемесінің директорының орынбасары Елнар Базыкен тілшілерге берген сұхбатында.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Сондай-ақ, стадион аумағында тұрғындар үшін көптеген ойын-сауық – мұз айдындары, сырғанақтар, фотозоналар, жәрмеңкелер мен дәмханалар ашылды.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Айта кетейік, дәл осы уақытта Астананың алты ауданында да жаңажылдық 30 шырша қатар жағылды.
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.