Астананың екі вокзалы арасында 237 теңгеге жетуге болады: пойыз кестесі

АСТАНА. KAZINFORM — «Нұрлы жол» және «Астана-1» вокзалдары арасында пойызбен шамамен жарты сағатта жетуге болады. Жолаушыларға қандай рейстер қолжетімді және пойыздар қай уақытта қатынайды? Бұл туралы Kazinform агенттігінің материалынан білуге болады.

Фото: Kazinform/ЖИ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі вокзал арасында күн сайын төрт пойыз қатынайды.

«Нұрлы жол» вокзалынан «Астана-1» вокзалына дейін мына пойыздар жүреді:

  • № 7507 «Нұрлы жол — Көкшетау» пойызы сағат 06:35–те жөнелтіліп, 07:04–те жетеді;

  • № 887 «Нұрлы жол — Курорт Бурабай» пойызы сағат 10:10–да жөнелтіліп, 10:39–да жетеді.

«Астана-1» вокзалынан «Нұрлы жол» вокзалына дейінгі пойыздар:

  • № 888 «Курорт Бурабай — Нұрлы жол» пойызы сағат 17:10–да жөнелтіліп, 17:40–та жетеді;

  • № 7508 «Көкшетау — Нұрлы жол» пойызы сағат 22:15–те жөнелтіліп, 22:45–те жетеді.

Жол жүру құны вагонның жайлылық класына байланысты. Пойыздардың өзекті жүру кестесі мен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан көруге болады.

Бұған дейін Қазақстанда жолаушылар пойыздарына бейнеталдау технологиясын енгізу жоспарланып отырғанын жазғанбыз.