Астананың сол жағалауында жарылған жылу желісі толық жөнделді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше сағат бұрын елорданың Мәңгілік ел даңғылында жарылған жылу желісі қалпына келтірілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева мәлім етті.

«Жылу желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Тұрғын үйге жылу беріліп жатыр», - деді Ақмарал Олжабаева тілші сауалына орай.

Айта кетейік, бүгін елорданың Мәңгілік ел даңғылындағы жылу желісінің диаметрі 133 мм болатын бөлігі зақымдалған еді. Салдарынан 1 тұрғын-үй кешені жылудан ажыратылды. Әкімдік дерегінше, желіні қалпына келтіру жұмыстарын «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның жедел бригадасы жүргізді.