— Мемлекет басшысы астықты терең өңдеу өнімдерін өндіретін және экспорттайтын әлемнің жетекші 10 елінің қатарына кіру міндетін қойды. Осыған байланысты, 2029 жылға дейін жалпы құны 4 млрд АҚШ доллары болатын, қуаттылығы 5,8 млн тоннаны құрайтын 6 ірі инвестициялық жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланған. Олардың ішінде 2026 жылы жүгеріні терең өңдеу бойынша 2 жоба іске қосылды: Түркістан облысында — «Қазкрахмал», Жамбыл облысында — Fufeng Group компанияларының жобалары, — деді ол.
Вице-министр әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары қант қызылшасын қайта өңдеу саласында да жекелеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
— Атап айтқанда, екі қант зауытын жаңарту жұмыстары да аяқталды. Бұл отандық шикізаттан қант өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Көксу қант зауыты қант қызылшасын өңдеу қуаттылығын тәулігіне 3 мың тоннаға дейін арттырып жатыр. Жамбыл облысындағы Тараз қант зауытында тәулігіне 3 мың тонна қант қызылшасын өндейтін желі іске қосылады. Екі жоба бойынша инвестицияның жалпы көлемі 22,4 млрд теңгені құрайды. Зауыттарды іске қосу және қант қызылшасын қабылдау жұмыстары қазан айына жоспарланған, — деді Азат Сұлтанов.
Бұған дейін биыл қуаңшылыққа қарамастан астық түсімі көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары болатынын жазған едік.