Асылова: Психологиялық-педагогикалық жүйе мониторингінің бірыңғай бағдарламасы әзірленуде
«Министрлік Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында Психология, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту орталығын құрды. Орталықтың қызметі өңірлердің психологиялық қызметтеріне жетекшілік ететін барлық оқу-әдістемелік орталықтарды үйлестіруге, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог-психологтерін әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген вице-министр жауабында.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта министрлік аталған орталықпен бірлесіп, өңірлік оқу-әдістемелік орталықтар мен психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«Сондай-ақ өңірлерде іс жүзінде іске асыру үшін Психологиялық-педагогикалық жүйенің мониторингі бойынша бірыңғай бағдарлама әзірленуде», - деді Б.Асылова.
Бұған дейін, Білім және ғылым вице-министрі еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне 6 900-ден астам педагог-психолог жетіспейтіндігін айтқан еді.