Бұл туралы Атай Өмірзақов Facebook-тағы парақшасында хабарлады.
Римде (Италия) «Tù Sì Que Vales» би байқауы жалғасуда. «Адем» би тобы «Электрик Буги» стилінде би биледі, олар ықтимал жүз пайыздың 98 нәтижесімен байқаудың келесі кезеңіне өтті.
«Әділқазы мүшелері биді жоғары бағалады, бізді қосымша кезеңдерсіз тікелей финалға жіберуді ұсынды. Байқау жүргізушісі жетпей қалған екі пайыз үшін қатты уайымдады, тіпті «Сіздерге қалайша бұл шедевр ұнамады» деп дауыс бермегендерді орнынан тұруды өтінді», - дейді А. Өмірзақов.