Ауыл тұрғыны ат баптап, тазы жүгіртуді желіде дәріптеп жүр

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында тұратын мемлекеттік қызметші Ұлан Сайтмұхаев #Qazalemi хэштегімен қысқы көріністерден бірнеше видео жариялады.

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ұлан Жанботаұлының айтуынша, табиғат аясы таза ауасымен қоса адамға ерекше күш-қуат береді. Тауы болсын, даласы болсын, тоғай-нуы, өзен-көлі болсын, әрқайсысының өзіне тән жаратылысы бар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай байқау ұйымдастырған болатын. Қатысушылар өз аймағындағы қыс келбетін және қысқы, көрікті жерлерді сурет пен видеоға түсіріп, #Qazalemi хэштегімен әлеуметтік желіге жүктеуі қажет. Ең креативті жұмыстардың авторларына сыйлықтар — жаңа смартфондар мен шипажайға жолдама беріледі. Байқау қорытындысы 27 желтоқсанда жарияланады.

Айта кетейік, бұдан бұрын туған жердің табиғатын әлеуметтік желі арқылы танытып жүрген Төлеби ауланының тұрғыны жайында жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, кентаулық тұрғын қысқы кейіпке енген кеншілер қаласының суреттерін желіге жүктеп, #Qazalemi хэштегімен жариялаған байқауға қатысқаны хабарланды.