Алдын ала мәлімет бойынша, жағдай Түркиядан Ресейге бағыт алған шетелдік әуе компаниясының ұшағында болған.
Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап, экипаж Атырау әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін шетел азаматы қайтыс болған.
- Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бастапқы тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала өлім себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі, – деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.
Бұған дейін Франкфурттен Делиге бағыт алған Lufthansa әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Бакуге шұғыл қонғанын жазған едік.